French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның сыртқы қарызы қанша немесе ең көп қарызды қай елден алған?
16:02 / 2020-01-09

Биыл жыл басынан берігі алған қарыз көлемі 4,5 млрд долларға жеткен


Өткен айда 2019 жылдың тоғыз айлық көрсеткішімен Орталық банк Өзбекстанның сыртқы қарызы 21,5 млрд. доллар деп хабарлап, оның 13,8 мемлекеттік ал, 7,7 млрд бөлігі жеке секторлар міндетіндегі қарыз екендігін жазған болатын.

Бүгін Қаржы министірлігі 2019 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша сыртқы қарыз туралы мәлімет берді. Онда Өзбекстанның жыл басынан берігі қарыз көлемі 4,5 млрд доллар немесе 30,9 пайызға артқан. Қазірде Өзбекстан қаржы тапшылығына байланысты ең көп қарыз алған ел Қытай. Қаржы министрлігінің хабарында Қытайдан мемлекеттік қарыз 2,8 млрд-ты құрайды. Бірақ бұл қарыз Өзбекстан үкіметінің тікелей қарызы боп табылмайды, негізгі бөлігі Қытайдың Даму Банкі мен Қытайдың экспорттық-импорттық банкінің несиелерін көрсетеді.

Кейінгі кезекте Жапония 1,8 млрд доллар қаржы қарыз беген болса, Оңтүстік Корея 560 млн доллар несие берген. Франция (345,8 миллион доллар), Германия (286,5 миллион доллар), Ресей (150,6 миллион доллар), Сауд Арабиясы (122,1 миллион доллар), ал қалған 111,8 млн доллар басқа елдердің үлесі болып табылады.