Өзбекстанның СІМ басшысы АҚШ Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады
2024 жыл 26 наурызда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов АҚШ Конгрессі Өкілдер палатасының мүшелері – Майк Роджерс, Адам Смит, Салуд Карбахал және Вероника Эскобармен кездесті.
СІМ мәліметінше, кездесуде Өзбекстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікте жаңа мүмкіндіктер ашылып жатқаны атап өтілді.
«Министр америкалық әріптестердің парламентаралық достықты ілгерілетуде ғана емес, іскерлік қарым-қатынастарды дамытудан бастап білім саласындағы серіктестікке дейінгі көптеген салаларда көрсеткен қолдауына ризашылығын білдірді», делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Өзбекстан АҚШ-тың барлық штаттарымен тікелей қарым-қатынастарды, әсіресе экономикалық бағытта дамытуға мүдделі екені айтылған.