Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 55 референдум учаскесі құрылады
14:46 / 2023-03-28

Өзбекстанның шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан 55 референдум учаскесі ашылатын болады.

ӨР Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда Өзбекстан Республикасының референдумына дайындық және оны өткізуге қатысты мәселелер қаралды.

«Өзбекстан Республикасының Референдумы туралы» заңның 16 және 18-баптарына, Сайлау кодексінің 16-бабына сәйкес Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 13 шілдедегі 1178-санды қаулысымен бекітілген Өзбекстанның шет мемлекеттердегі дипломатиялық және өзге де өкілдіктері жанында референдум учаскелері мен референдум учаскелік комиссияларын ұйымдастыру тәртібіне сәйкес және Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша Өзбекстанның шет мемлекеттердегі дипломатиялық және өзге де өкілдіктерінің жанынан референдум учаскесі құрылады.

Осы заңның талаптары негізінде Орталық сайлау комиссиясының отырысында Өзбекстанның шет мемлекеттердегі дипломатиялық және өзге де өкілдіктері жанынан 55 референдум учаскесін құру туралы шешім қабылданып, бұл референдум учаскелері 14-ші Ташкент қалалық референдумына қосылды.

ОСК жиынында Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы негізінде 2023 жылдың 30 сәуірінде өтетін Өзбекстан Республикасы референдумында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының бақылаушыларын аккредиттеу туралы шешім қабылданды.