Өзбекстанның шалғай аудандарына жұмысқа қабылданған білікті мамандарға ай сайын өтемақы төленеді
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап республиканың алыс мекендеріндегі бюджеттік ұйымдарда жұмыс істеуге шешім қабылдаған білікті мамандарға «үстемақы» және ай сайынғы өтемақы төленеді.
Бұл жөнінде Өзбекстан Президентінің «Шалғайдағы бюджеттік ұйымдарға білікті мамандарды тарту шаралары туралы» қаулысында айтылған болып:
- Бюджеттік ұйымдарға қабылданған жоғары білімді мамандарға базалық есептеу мөлшерінің (БЕМ) 50 еселенген (11 млн. 150 мың сум) көлемінде бір реттік бастапқы жәрдемақы және тұрғын үйді жалға алғаны үшін БЕМ-нің 2 еселенген (446 мың сум) мөлшерінде ай сайынғы ақшалай өтемақы төленеді;
- Отбасылық дәрігер пункттері мен отбасылық клиникаларға жалданған дәрігерлерге кемінде 3 жыл еңбек ету шартымен 30 миллион сум көлемінде бір реттік алғашқы жәрдемақы төленеді, ал үй-жайы болмаған азаматтарға қызметтік тұрғын үй 3 жылға немесе БЕМ-нің 2 есе (446 мың сум) мөлшерінде ай сайынғы ақшалай өтемақы төленеді.
Бастапқы жәрдемақы және ай сайынғы ақшалай өтемақы салық төлеушінің жиынтық кірісіне кірмейді және жеке табыс салығына салық салуға жатпайды.
Бұл мүмкіндіктер ЖОО-дың бакалавр немесе магистратурасын (күндізгі, сырттай, кешкі, сондай-ақ екінші мамандық) бітіргеннен кейін үш жыл ішінде алыс және шалғай аудандарда орналасқан бюджеттік ұйымдар мен медициналық мекемелерге жұмысқа тұрған түлектер үшін қол жетімді.