Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның ірі қалаларындағы жол қиылыстары цифрлық басқаруға көшеді
10:33 / 2022-04-05

2023-жылдың соңына қарай Ташкент қаласындағы барлық қиылыстарда, сондай-ақ Нөкіс қаласы мен облыс орталықтарындағы негізгі ірі жол қиылыстар, 2024-жылдың соңына қарай Нөкіс қаласы мен облыс орталықтарының барлық ірі жол даңғылдары цифрлық басқару жүйесіне көшеді.

Бұл туралы 4 сәуірде Президент Шавкат Мирзияев қол қойған «Автокөлік жолында адамдар қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз ету және өлім деңгейін күрт азайту шаралары туралы» қаулыда айтылған.

Осыған орай жол қиылыстарыны толық цифрлық басқару жүйесіне көшуіне жеке жауапкершілік Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Ташкент қаласы мен облыстардың әкімдеріне міндеттелген.

Қалаларда жол белгілерін, бағдаршамдарды орнату, жол сызығын сызу, жаяу жүргіншілер өткелдерін белгілеу арқылы жол қозғалысын реттеуге ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімшелері жауапты боп тағайындалды.

Көлік және жаяу жүргіншілер ағынын, жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын талдау негізінде 2023 жылдың соңына дейін аудандар мен қалалардың халық көп шоғырланған жерлеріндегі жаяу жүргіншілер өткелдерінде жаяу жүргіншілер бағдаршамдарын орнату жоспарланған.