Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі миссиясын аяқтады
Астанадағы дипломатиялық миссиясын аяқтап жатқан Өзбекстан елшісі Саидикром Ниёзхужаевті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қабылдады.
«Dunyo» агенттігінің хабарлауынша, кездесу барысында министр екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында соңғы жылдары Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынасы стратегиялық әріптестік пен одақтастық деңгейіне көтерілгенін атап өткен.
«Министр Қазақстан Президентінің жарлығына сәйкес, елшінің екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға қосқан зор үлесі және атқарған зор еңбегі үшін Саидикром Ниёзхужаевті жоғары мемлекеттік награда – ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттап, оған алдағы қызметіне сәттілік тіледі», делінген хабарламада
Саидикром Ниёзхужаев бұл қызметте 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді.