Өзбекстанның қай өңірінде халық саны аз екені белгілі болды
Өзбекстан Республикасы бойынша тұрақты тұрғындар саны туралы ақпарат берілді.
Статистика агенттігінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Өзбекстандағы халық ең көп қоныстанған облыс Самарқанд облысы (4 млн 159 мың адам).
Одан кейінгі орындарда Ферғана (4 миллион 15 мың адам), Қашқадария (3 миллион 515 мың адам), Әндіжан (3 миллион 354 мың адам) және Наманган (3 миллион 28 мың адам) облыстары тұр.
Өзбекстандықтар ең аз қоныстанған аймақ – Сырдария облысы болып, онда бүгінде 905 мың адам тұрады.
Одан кейінгі орындарды Науаи (1 миллион 65 мың адам), Жызақ (1 миллион 491 мың адам), Хорезм (1 миллион 971 мың адам) облыстары және Қарақалпақстан (1 миллион 987 мың адам) иелеген.