Өзбекстанның Польшадағы жаңа елшісі жұмысқа кірісті
Өзбекстанның жаңадан тағайындалған Польшадағы елшісі Амирсаид Азамхужаев Польша Президенті Анджей Дудаға сенім грамотасын тапсырды.
Варшавадағы Бельведер сарайында өткен салтанатты рәсім аясында өткен сұхбат барысында Польша президенті барлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға мүдделі екенін білдірген.
Польша Өзбекстанды Орталық Азиядағы маңызды және келешегі зор серіктес деп санайтыны, республикада жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды толық қолдайтыны жеткізген.
«Өзбекстан үкіметіне поляк генералы Владислав Андерс жауынгерлері жерленген жерді абаттандыру шаралары жүргізіліп жатқаны үшін алғыс айтылды», делінген хабарламада.
Сенім грамотасын тапсырғаннан кейін елші Варшавадағы Белгісіз солдат қабіріне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.