Өзбекстанның Оңтүстік Кореядағы елшісі қайтыс болды
Өзбекстанның Оңтүстік Кореядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Виталий Васильевич Фен 77 жасында қайтыс болды.
Бұл туралы Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Хабарда айтылуынша, Виталий Феннің спорт шебері және кәсіби дипломат болған. Ол Өзбекстанның Сеулдегі дипломатиялық миссиясын 25 жыл басқарып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға үлес қосты.
Виталий Фен «Фидокорона хизматлари учун» («Ерен еңбегі үшін») және «Меҳнат шухрати» («Еңбек даңқы»), сондай-ақ Оңтүстік Кореяның «Гванхва» ордендерімен марапатталған.