2023 жылы Хорезм облысының Үргеніш қаласындағы 1-санды жалпы білім беретін мектеп және Сұрхандария облысының Термез қаласындағы 2-санды мектепке дейінгі білім беру ұйымы Жапония үкіметінің мақсатты грантын жеңіп алды.
Бұл шамамен 140 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаражат білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталады.

Мектепке дейінгі және мектеп білімі министрі Хилола Умарова мен Жапонияның Өзбекстандағы Елшісі Хатори Такаши мырзаның қатысуымен «Адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шағын әлеуметтік жобаларды қолдауға арналған гранттар» бағдарламасы аясында бірқатар келісім-шарттарға қол қою рәсімі өтті.
Жоба бойынша Үргеніш қаласындағы 31-санды мектеп үшін оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығы мен гигиенасын жақсартуға бағытталған жапондық технология бойынша ағынды суларды тазарту құрылғысы орнатылады.
Сондай-ақ, жоба аясында Термез қаласындағы 19 және 28-ші мектепке дейінгі білім ордасындағы тәрбиеленушілерідің сапалы білім алуы үшін мекемелердегі бар ескі жиһаздарды жаңарту жұмыстары жүргізілмек.