31 наурызда Өзбекстанның Мысырдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мансур Киличев Мысыр Президенті Абдулфаттох Ас-Сисиге сенім грамотасын тапсырды.

СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, салтанатты шара Каирдегі «Әл-Иттихадия» президенттік сарайында өтті. Сенім грамотасын тапсыру рәсімінде құрметті қарауыл сап түзеп, Өзбекстан елшісінің құрметіне мемлекеттік әнұран шырқалды.
Қысқаша әңгіме барысында Мысыр басшысы Президент Шавкат Мирзияевке өзінің сәлемі мен игі тілегін жолдап, Мысыр тарапының Өзбекстанмен барлық салалардағы достық және ынтымақтастық қарым-қатынастарын одан әрі дамытып, нығайтуға ынталы екенін тағы бір мәрте атап өтті.
Сонымен қатар, тараптар Өзбекстан мен Египет ынтымақтастығын одан әрі нығайту, сондай-ақ Мысыр Президентінің 2018 жылғы 4-5 қыркүйекте Өзбекстанға ресми сапары аясында жоғары деңгейдегі келіссөздерде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру мәселелері бойынша пікір алмасты, делінген хабарламада.