Өзбекстанның Ливандағы жаңа елшісі тағайындалды
Өзбекстанның Ливанға жаңа тағайындалған елшісі Абдусалом Хатамов ел президенті Жозеф Аунға сенім грамоталарын тапсырды. Елшінің резиденциясы Оман астанасы Маскат қаласында орналасқан.
Ресми рәсімнен кейін өткен әңгіме барысында Жозеф Аун Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке Ливанмен екіжақты қатынастарды дамыту мақсатында елші жібергені үшін шынайы алғысын білдірді.
Өзбекстан елшісі сондай-ақ Ливанның сыртқы істер министрі Юсуф Ражжимен кездесті. Тараптар Ливан мен Өзбекстан арасындағы саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды дамытуға мүдделі екендерін білдіріп, әртүрлі деңгейдегі екіжақты сапарлар ұйымдастыру, мәдениет күндерін өткізу және өзара туристік ағынды арттыруға бағытталған шараларды қолдады.
Айта кетейік, Абдусалом Хатамов 2024 жылғы 4 ақпаннан бері Өзбекстанның Омандағы елшісі қызметін атқарып келеді.