Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның Кипрдегі тұңғыш елшісі тағайындалды
14:43 / 2024-12-20

Өзбекстанның жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті елшісі Абат Файзуллаев (резиденциясы Рим қаласында орналасқан) Кипр президенті Никос Христодулидиске сенім грамоталарын табыстады.

Хабарда айтылуынша, Кипр басшысы шетелдік дипломаттардың сенім грамоталарын қабылдау рәсімінде жаңа елшілерді шын жүректен құттықтап, оларға өз міндеттерін орындауда сәттілік тілеген. Сондай-ақ екіжақты және көпжақты қатынастарды дамытуға лайықты үлес қосатынына сенім білдірген.

Кипр президенті Өзбекстанмен байланыстардың болашағына ерекше тоқталып: «Өзбекстанмен екіжақты, сондай-ақ Еуропалық Одақ аясындағы ынтымақтастық қатынастарын дамытуға ерекше назар аударамыз», – деген президент Никос Христодулидис.

Еске сала кетсек, Өзбекстан мен Кипр арасындағы дипломатиялық байланыс 1997 жылғы 30 мамырда орнаған. Абат Файзуллаев Кипрге тағайындалған Өзбекстанның тұңғыш елшісі болды. Ол 2023 жылдың қазан айында Өзбекстанның Италиядағы елшісі қызметіне тағайындалған еді.