Өзбекстанның Ауғанстандағы елшілігінде Өзбекстанның Конституциялық заңының жобасы бойынша алдағы өтетін референдумға арналған брифинг өтті.
Шараға елшілікте ұйымдастырылған 2-референдум учаскесінде дауыс беруге құқылы Өзбекстан азаматтары, оның ішінде дипломатиялық және техникалық қызметкерлер, сондай-ақ елшілік нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы бөлімнің қызметкерлері қатысты.
Брифингте Елші Ёдгорхужа Шадмонов Конституциялық заң жобасының мазмұны мен бұл өзгерістердің мақсаты туралы егжей-тегжейлі айтып, өз баяндамасында Өзбекстанда болып жатқан оң өзгерістер мен барлық саладағы тиімді реформалар халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанына ерекше назар аударған.
Атап өтілгендей, қолданыстағы Конституцияның баптары 128-ден 155-ке, нормалар 275-тен 434-ке өсті, Конституция мәтінінің 65 пайызы халықтың ұсыныстары негізінде жаңартылуда.
Брифинг барысында өзбекстандықтарды қызықтырған барлық сұрақтарына тиісті жауаптар берілңп, қатысушылар осы жылдың 30 сәуірінде өтетін республикалық референдумға қатысатындарын мәлімдегені айтылады хабарламада.