Үндістан, Иран және Өзбекстанның Чобахор портын пайдалану жөніндегі үшжақты жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, кездесуге Өзбекстанның көлік министрінің орынбасары А.Муминов, Иранның жол және қала құрылысы министрінің орынбасары А.Сафойи және Үндістанның порттар, кеме жасау және теңіз істері министрінің орынбасары С.Франжа төрағалығында өтіп, онлайн-диалог барысында көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту, өңірлік және халықаралық көлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, тараптар Иранның Чобахор портын тиімді пайдаланудағы ынтымақтастық, сондай-ақ Орталық Азия аймағын портпен байланыстыратын көлік-логистикалық кешен мен көлік дәліздері саласындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесу соңында тараптар Иранның Чобахор порты арқылы жүк тасымалдауды ұйымдастыру, тарифтерді оңтайландыру, жеткізу мерзімі мен қауіпсіздік мәселелерін зерделеу бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келісті.