Өзбекстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты қолға түсірді.
Ішкі істер министрлігі дерегінше, Интерполдың Өзбекстандағы Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қырғызстанда халықаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады.
Қылмыскерді қырғыз әріптестері ресми құжаттарды бұрмалау және контрабандаға қатысы бар деген айыптар бойынша іздеуде жүргені және осыған байланысты қылмыстың ауырлығын ескере отырып, оған бас бостандығынан айыру түріндегі қамауға алу шарасы таңдалғаны айтылған.
Интерполдың ұлттық орталық бюросы Бішкектегі әріптестеріне іздеуде жүрген азаматтың Қырғызстанға одан әрі қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін экстрадицияланар алдында ұсталғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта тұтқындалған адамды Қырғызстанға экстрадициялау мәселесі Өзбекстанның Бас прокуратурасында қаралып жатыр, делінген Интерполдың Өзбекстандағы бюросының хабарламасында.