French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның ЭЫҰ елдерімен тауар айналымы 1,13 триллион доллардан асты
14:53 / 2023-11-08

Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының 16-шы саммиті аясында ұйымға мүше мемлекеттердің бизнес саласының жетекшілері Ташкентте бас қосты.

Бағдарламаға сәйкес, бұл ретте ұйымға мүше мемлекеттердің сауда-өнеркәсіп палаталарының басшылары, экономикалық кеңестердің төрағалары бірінен сөз сөйлеп, ұйымның қызметі аясында атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталды. 

Экономикалық зерттеулер және реформалар орталығының мәліметінше, 2021 жылы Өзбекстан құрылымдағы елдермен тауар айналымы 35,1 пайызға өсіп, 11,2 миллиард долларға жеткен.

2022 жылы өсу үрдісі жалғасып, өнім айналымы 10,4 пайызға өсіп, 12,4 миллиард долларды құрады.

Республиканың сыртқы саудасындағы ЭЫҰ үлесі 24,7 пайызды құрайды. Айта кетейік, 5,75 миллиард долларлық экспорт көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 6,3 пайызға жоғары. Импорт 6,62 миллиард доллар – 14,3 пайызға өсті. Өткен жылы жалпы экспорттың үштен бірі – 29,8 пайызы ЭЫҰ елдерінің үлесіне тиді.

2022 жылы сауда айырбастауда ең көп үлес Қазақстан (37,5 пайыз) мен Түркияға (26,3 пайыз) тиесілі болды. Одан кейін Қырғызстан (10,2), Түркіменстан (7,5), Ауғанстан (6,1), Тәжікстан (5,5), Иран (3,5), Пәкістан (1,9) және Әзірбайжан (1,5) елдері бар. Өткен жылы Өзбекстанның ЭЫҰ елдерімен тауар айналымы 1,13 триллион доллардан асты.

Биылғы жылдың 9 айындағы көрсеткішке назар аударсақ, ынтымақтастықтың айтарлықтай жанданғаны байқалады. ЭЫҰ аясындағы тауар айналымы 9,2 миллиард долларды құраса, Өзбекстанның жалпы тауар айналымындағы мүше елдердің үлесі 20,5 пайызға жетті. Экспорт көлемі 4,2 ​​млрд доллар, ал импорт 5,0 млрд долларды құраған.