Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның Еуропалық Одақпен сауда айналымы 6 млрд доллардан асты
11:50 / 2025-11-27

Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы әріптестік аймақтық даму, экономикалық интеграция және тұрақты өркендеуді қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл ынтымақтастықтың нәтижесінде екі тарап та сауда, инвестиция, экологиялық тұрақтылық, технология және цифрлық трансформация сияқты бағыттарда өзара тиімді байланыстарды күшейтіп келеді.

Сонымен қатар аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, климаттың өзгеруі және жаһандық экологиялық қатерлерге қарсы тиімді шаралар әзірлеу де тараптардың басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Ташкентте өткен «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» үшінші экономикалық форумында Өзбекстан Республикасының инвестициялар, өнеркәсіп және сауда вице-министрі Акрам Алиев тараптар ынтымақтастығына қатысты өз көзқарасын білдірді.

– Соңғы жылдары Орталық Азия мемлекеттері Еуропалық Одақ пен Батыс елдері, әсіресе Америка Құрама Штаттары үшін қызығушылық тудыратын аймақтық ортаға айналып келеді. Бұған алдымен – геосаяси жағдай, яғни ірі державалар арасындағы бәсекелестік біздің аймаққа ерекше назар аударуды талап етуде. Екінші себебі – аймағымыз дамудың жаңа кезеңіне қадам басуда.

Мысалы, Өзбекстанда жалпы ішкі өнім соңғы бірнеше жылда екі есеге өсті. Көршілес мемлекеттер де үлкен экономикалық әлеуетке ие. Елдеріміздегі экономикалық өсім айтарлықтай жоғары және бұл тату көршілік, достық және өзара ынтымақтастық саясатының үйлесуімен аймақты ірі нарық ретінде қалыптастырып отыр.

Сондықтан бүгінгі күні Еуропалық Одақ елдерімен стратегиялық салаларда – критикалық минералдар, «жасыл» энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, фармацевтика сияқты бағыттарда нақты жобалар мен әріптестік мүмкіндіктері бойынша пікір алмасылды. Бұл салаларда үлкен қызығушылық бар. Бұрынғы жылдары мұндай форумдарға дамыған елдердің инвесторлары қатысса, бүгінде олардың географиясы айтарлықтай кеңейді.

Айта кету керек, мұндай әріптестік байланыстары тікелей Мемлекет басшысының бастамалары мен жүргізіліп жатқан реформаларға байланысты. Словения, Словакия, Финляндия, Венгрия сияқты елдердің мемлекет басшыларының сапарлары немесе олардың Өзбекстанға келуі бизнес үшін үлкен серпін берді.

Қазіргі уақытта Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда айналымы шамамен 60 млрд долларға жетті. Сондай-ақ Өзбекстанның Еуропалық одақпен сауда айналымы 6 млрд доллардан асты. Елімізде Еуропалық одақ капиталы қатысқан мыңнан астам компания жұмыс істейді. Алдағы жылдары бұдан да жоғары өсім күтіледі. Өйткені бұл үшін тараптар арасында ынтымақтастық нығайып келеді.