Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның екі университеті халықаралық «Green Metric» рейтингіне енді
10:31 / 2020-12-11

Осы жылдың 7 желтоқсанында «UI Green Metric World University Ranking» әлемдік университеттердің халықаралық рейтингін жарияланып, онда Өзбекстан Ұлттық университеті және Ташкент ирригация және ауыл шаруашылық институты атаулы тізімге енген.

«UI GreenMetric World University Ranking» - 2010 жылы Индонезия Университеті жасаған Жасыл университеттердің әлемдік рейтингі саналатын болып, рейтингтің негізін қалаушылар ғылыми қауымдастықтың назарын экологиялық мәселелерді шешу үшін тұрақты экологиялық даму саясатының қажеттілігіне аударды. 

Рейтингтің негізгі критерийлеріне энергияны тұтыну, су ресурстарын ұтымды пайдалану, қалдықтарды сақтау және қайта өңдеу, экологиялық таза көлік құралдарын пайдалану және студенттер қалашығындағы жасыл желектер аумағы сияқты көрсеткіштерді енгізу арқылы, осы саладағы білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінің көрсеткіштеріне үлкен көңіл бөледі.

Осынау талаптарға толықтай жауап берген Өзбекстанның екі университетінің бірі Өзбекстан Ұлттық университеті әлемдегі 84 елдің 921 ЖОО арасында 353 орынды иеленсе, Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығы институты 621-орынға жайғасқан.