Өзбекстанның Дубайдағы жаңа бас консулы жұмысын бастады
Өзбекстанның Дубайдағы жаңадан бас консулы болып тағайындалған Камал Икрамов Біріккен Араб Әмірліктері Сыртқы істер министрлігі Дубай департаментінің директоры Шейх Мактум бен Бутти әл-Мактуммен кездесіп, консулдық куәлігін (патент) алды.
Сұхбат барысында Өзбекстан мен БАӘ арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы, қарым-қатынастарды дамыту перспективалары талқыланды. Экономика, сауда, инвестиция, жоғары технологиялар, инновациялар, өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік, туризм, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету қажеттігі туралы пікір алмасылды.
Бас консулдықтың қызметі Дубай, Шарджа, Рас-әл-Хайма, Ажман, Ум әл-Кувайн және Фуджейра әмірліктерін қамтиды.