Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процесі жеделдетіледі
11:20 / 2022-11-10

Өзбекстан Респубилкасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процесі жеделдетіледі.

Бұл туралы Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаев Өзбекстан-Венгрия бизнес форумында мәлім етті.

«Біздің реформалардың келесі басым бағыттары мыналар:

- заң үстемдігін қамтамасыз ету;

- сот жүйесін одан әрі реформалау;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес;

- уақыт талабына сай банк және қаржы жүйелерін жетілдіру;

- мемлекет үлесі бар ірі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық кәсіпорындарды жекешелендіру;

- Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру және оның толыққанды мүшесі болу үдерісін жеделдету;

Сондай-ақ энергетика, көлік, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін жолға қою одан әрі кеңейтілетін болады.