English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның бірнеше өңірінде науқсатарға тегін қызмет көрсететін гемодиализ орталықтары салынады
11:18 / 2021-01-21

Үндістанның «Nefroplus» компаниясымен ынтымақтастықта Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм облысы мен Ташкент қаласында науқс жандарға тегін қызмет көрсететін 4 гемодиализ орталықтары салынады.

Денсаулық сақтау вице-министрі Абдулла Азизовтың айтуынша, үнділік «Nefroplyus» компаниясы пациенттерге гемодиализді емдеу қызметін ұсынумен айналысады. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікке негізделген жоба 9,8 млн долларға бағаланған. Елдің үш өңірінде салынатын атаулы орталықтар қажетті заманауи медициналық жабдықтармен және білікті мамандармен қамтамасыз етілетін болып, жоба аясында 10 жыл ішінде осы аудандарда гемодиализге мұқтаж 1100 науқасқа тегін медициналық көмек көрсетіледі.

Атаулы орталықтар 2022 жылы ақпанда іске қосылады. Жобаның екінші кезеңінде осындай процестерді басқа аймақтарда жалғастыру жоспарлануда. Екі жақтық келісімге орай бұл орталықтар 10 жылдан кейін Денсаулық сақтау министрлігі иелігіне өтеді.