Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясындағы іс-шаралардың соңында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Самарқанд қаласының тарихи ескерткіштерімен танысты.
Көне қалада Мемлекет басшылары жұбайларымен бірге Өзбекстанның «визиттік картасы» саналатын, еліміздің әлемге әйгілі Регистан алаңында болды. «Мырза Ұлықбек», «Шердор» және «Тиллақори» медреселерінің сән-салтанаты мен қайталанбас сәулеті баршаның таңданысыг оятып, әуесін келтіреді.
Жоғары мәртебелі меймандар Регистандағы әрбір ескерткіш, ұлттық қолөнер көрмесін тамсана тамашалады. Оларға медреселердің салыну тарихы, олардың қасбетіндегі өрнектер мен таңбалардың мән-мағынасы туралы айтылды.
Әмір Темір кесенесін аралау барысында қонақтарға бабамыздың мемлекеттік саясаты, әскери шеберлігі, түрлі елдермен дипломатиялық қарым-қатынастары туралы айтылды. Сайыпқыран Ұлы қолбсшы және Тимуридтер мемлекеті өз заманындағы ең үлкен және ең дамыған ел болғаны қонақтарда үлкен әсер қалдырды.
Содан кейін Президенттер жұбайларымен бірге «Афросиёб» мұражайын аралады.
Бұл мұражай Самарқанд қаласының үш мың жылдық тарихынан сыр шертеді. Мұндағы бірегей экспонаттар мен қабырға суреттері әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристерді, соның ішінде корейлерді ле таңқалдырып келеді.
VII ғасыра тән қабырға суреттерінің бірінде Самарқанд билеушісінің ежелгі Корея - Когурё елшілерін қабылдау рәсімі бейнеленген. Бұл халықтарымыз арасындағы алмасудың көп ғасырлық тарихын айғақтайды.
Жақында кореялық мамандарының қатысуымен мұражайды қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, оның аясында ғимараттың іші-сырты толығымен жаңартылды.
Оңтүстік Корея Президенті тарихи нысандарды сүйсініп, ілтипатпен қарап отырып, халықтарымыз арасындағы қарым-қатынастың сонау ертеден келе жатқанын, бұл достық пен ынтымақтастықтың алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.
Мемлекет басшылары мәдени мұраны сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын сөз етті.
Одан кейін жоғары мәртебелі қонақтар Мырза Ұлықбек обсерваториясы мен мұражайына барды.
Әмір Темірдің сүйікті немересі Мұхаммед Тарағай Мырза Ұлықбек ұлы астроном ғалым, ел билеуші ретінде ғылым мен мәдениеттің дамуына зор үлес қосқан. Орта ғасырларда ол бірегей обсерватория ашып, аспан денелерін өте дәл зерттеген. Оның «Зижи жадиди Курагоний» атты еңбегі әлемдік астрономияда маңызды бағдар болды.
Экскурсияның соңғы бағыты «Ұлы Жібек жолы» халықаралық туристік орталығындағы «Мәңгілік қала» тарихи-этнографиялық кешені болды. Мұнда қонақтарға халқымыздың ғажайып көркем өнері, қолөнері, музыкалық мәдениеті көрсетілді.
Мемлекет басшыларының Самарқандтағы кездесуі шынайы әрі достастық рұхта өтті.