Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның барлық аймағында жаяу жүргіншілер мен велосипед үшін арнайы дәліз салынады
15:17 / 2020-12-09

Өзбекстанның барлық аймақтарында жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдары үшін арнайы жолақтар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «кедергісіз орта» құру жоспарланған.

Президенттің 2020 жылғы 30 қазан күнгі «Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және бұқаралық спортты одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесі, облыстар мен Ташкент қаласының әкімдігі 2021 жыл барысында кезеңімен барлық аудан көшелерінде серуендеуге және велосипедпен жүруге арналған, халыққа қолайлы «Денсаулық дәліздерін» құратын болады.

Атаулы дәліздердің ұзындығы стандартты түрде 3-5 шақырымды құраса, Ташкентте - 50 шақырымдық болады және олар заманауи энергия үнемдеуші қозғалыс датчиктерімен жабдықталады. Жарық беру жүйелері мен жарық қайтарғыш дәліздердің басталуын, интервалын және аяқталуын көрсететін жол белгілерімен қамтамасыз етіледі.