Өзбекстанның барлық аумағында өнеркәсіп жәрмеңкелері өтеді
13-14 сәуірде Бұхара қаласында 180 кәсіпорынның қатысуымен облыстық салааралық өнеркәсіп жәрмеңкесі өтті.
Инвестициялар, индустрия және сауда министрлігінің хабарлауынша, жәрмеңке аясында құрылыс материалдары, тоқыма, мұнай-газ өнеркәсібі, ауыл және су шаруашылығы, туризм саласына арналған өнімдер, мал шаруашылығы сияқты 6 бағыт бойынша 1500-ден астам өнім қойылды.
Екі күнге жалғасқан өнеркәсіп жәрмеңкесі осы жылдың соңына дейін республиканың әр аймағында кезең-кезеңімен жалғасатыны айтылған хабарламада.