Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның Ауғанстандағы елшісі тағайындалды
13:15 / 2024-11-22

Өзбекстанның Ауғанстандағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті елшісі Ойбек Усманов Талибанның уақытша үкіметінің сыртқы саясат басқармасының басшысы Мауләуи Амирхан Муттақиға сенім грамотасының көшірмесін табыстады.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Мауләуи Амирхан Муттақи елшіні жаңа қызметімен құттықтап, екі ел астаналарындағы елшіліктердің белсенді жұмысын екіжақты қарым-қатынастардың дамуын айқындайтын оң көрсеткіш ретінде бағалады. 

Сонымен қатар, тараптардың ірі экономикалық бастамаларды жүзеге асыру жолында тиімді қадам жасап жатқанын атап өтті. 

Өз кезегінде елші О. Усманов екіжақты қарым-қатынастардың бауырластық сипатын ерекше атап, өз қызметі барысында бар күшін салып, қолданыстағы байланыстарды одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді. 

Еске сала кетейік, өткен айда Ауғанстанның Өзбекстандағы елшісі Абдул Ғаффор Терави Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовқа сенім грамотасының көшірмесін табыстаған еді.