Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның арнайы борты Түркияға келді
15:42 / 2023-02-09

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің тапсырмасына сәйкес, жер сілкінісінен зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін Өзбекстанның арнайы борты Газиантепке (Түркия) жетті.

Арнайы құтқару бортында 71 адамнан тұратын қосымша іздеу-құтқару және медициналық топпен бірге гуманитарлық көмектің тағы бір партиясы әкелінді.

Зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында ӨР Қорғаныс министрлігі медициналық отрядының 50 қызметкері қызмет ететін бір гектар аумақта тоғыз арнайы бөлімшеден тұратын жылжымалы госпиталь кешенін орналастыру жоспарланған.

Хабарда айтылуынша, далалық аурухана барлық қажетті медициналық құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмекпен толық жабдықталған.