Өзбекстан Республикасының АҚШ-тағы елшісі Джавлон Вахобов елдің Бразилиядағы Төтенше және Өкілетті Елші ретіндегі сенім грамоталарының көшірмесін Бразилияның АҚШ-тағы елшісі Нестер Форстерге тапсырды.
Dunyo агенттігінің хабарлауынша, алтанатты рәсімнен кейін Джавлон Вахобов пен Нестер Форстер арасында арнайы кездесу өтіп, онда Нестер Форстер өзбек дипломатын жаңа тағайындауымен құттықтап, Бразилиядағы пандемиялық жағдайдың нашар екеніне байланысты Өзбекстан елшісіне Бразилия Сыртқы істер министрлігінде аккредиттеу кешіктірілмеуі үшін Бразилия СІМ басшылығы атынан сенім грамоталарының көшірмесін алуға өкілеттік берілгенін мәлімдеген.
Нестер Форстер Өзбекстан-Бразилия қарым-қатынастарын жан-жақты дамыту үшін барлық қажетті күш-жігерді жұмсауға дайын екендігін, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және машина жасау саласында бірлескен сауда-экономикалық жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ кадрлар даярлауда серіктестік қатынастарды орнатуға қызығушылық танытты.
Сондай-ақ, елші Өзбекстанда бизнес жүргізудің жаңа жағдайларын, үкіметтің ел нарық жүйесіне кірісудегі, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің алып кіруде, ауыл шаруашылығына қызығушылық танытқан шетелдік инвесторларға жасалған жеңілдіктері мен преференцияларды жоғары бағалады.