Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның алтын-валюта қоры өсті
15:42 / 2022-01-19

Орталық банк Өзбекстанның 2021 жылға арналған халықаралық резервтері туралы мәліметтерді жариялады.

Онда, Өзбекстанның алтын-валюта қоры 1 қаңтардағы жағдай бойынша 35,13 миллиард долларды құраған. Салыстырмалы түрде қарағанда бұл көрсеткіш 2021 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 34,74 миллиард долларды болған. Соңғы айда Өзбекстанның ресми резервтері 400 миллион долларға жуық өскенін көрсетеді.

2021 жылғы жалпы жағдайды саралайтын болсақ, Өзбекстанның ресми резервтері соңғы бір жылда 230 миллион долларға өсті (2021 жылдың 1 қаңтарында – 34,9 миллиард доллар, ағымдағы жылдың 1 қаңтарында – 35,13 миллиард доллар).