Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның алтын-валюта қоры алғаш рет 35 миллиард доллардан асты
13:13 / 2021-06-09

1 маусымдағы жағдай бойынша Өзбекстанның алтын-валюта қоры 35 миллиард 518,2 миллион долларды құрады. Бұл өткен аймен салыстырғанда 1,327 миллиард долларға артық.

Бұл деректер 2017 жылдан ашық түрде жариялана бастаған шақтан бергі ең үлкен көрсеткіш. Орталық банктің мәліметіне ұарағанда, резервтердің ұлғаюы оның құрамындағы алтын құнының өсуіне және валюта активтерінің көбеюіне байланысты болды.

Мамыр айында алтын құнсыздануды тоқтатып, унцияның бағасы 1900 долларға дейін өсті. Ал, бір унцияның бағасы сәуірде 1750 доллар шамасында болған еді. 

2021 жыл басында Өзбекстанның алтын-валюта қоры 1 қаңтар бойынша 34,9 млрд долларды құраған еді. Ал, ақпанда 34,3 миллиард долларды құрауған болатын.