Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның алтын-валюта қоры 800 млн долларға өсті
10:21 / 2021-11-17

2021 жылдың қазан айында Өзбекстанның алтын-валюта қоры 800 миллион долларға артып, 35,21 миллиард долларға жетті.

Орталық банктің мәліметінше, 1 қарашадағы жағдай бойынша Өзбекстанның алтын-валюта қоры 35,21 миллиард долларды құраған. 

Бұл көрсеткіш бір ай бұрын 1 қазандағы жағдай бойынша 34,41 миллиард долларды құраған болатын. Қазіргі ресми дерекке сай Өзбекстанның өткен айда ресми резервтерінің 800 миллион долларға өскенін көрсетеді.

Еске салар болсақ, 2021 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша Өзбекстанның алтын-валюта қоры алғаш рет 35 миллиард 518,2 миллион долларды құраған еді.