Өзбекстан Орталық банкінің хабарлауынша, 2025 жылғы 1 ақпан жағдайы бойынша елдің алтын-валюта қоры 44,9 миллиард долларды құрады. Бұл қаңтар айымен салыстырғанда 2 миллиард долларға артық.
Қорлардың ұлғаюында негізгі рөлді шетел валютасындағы резерв активтері атқарған. Бір ай ішінде валюталық резервтер 2,2 миллиард доллардан астам өсіп, 9,5 миллиард долларға жетті. Бұл өсімнің негізгі бөлігін шетелдік банктердегі активтердің 2,16 миллиард долларға артуы қамтамасыз етті.
Сонымен қатар, валюталық резервтердің құрамында Орталық банк сатып алған бағалы қағаздар көлемі 102,1 миллион доллардан 202,5 миллион долларға дейін ұлғайды.
Ақпан айында алтынның физикалық көлемі 380 мың трой унцияға, ал құны шамамен 202 миллион долларға азайды. Осылайша, резервтер құрамындағы алтынның жалпы құны 34,9 миллиард долларды құрады.
Айта кетейік, қаңтар айында Өзбекстанның халықаралық резервтері 1,7 миллиард долларға артып, 42,9 миллиард долларға жеткен болатын. Сонымен қатар, алтын бағасының қымбаттауы резервтерге 2,27 миллиард долларлық оң әсерін тигізген.