Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның алтын-валюта қоры 35,4 миллиард доллардан асты
16:30 / 2021-09-18

Өзбекстанның алтын-валюта қоры 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 35,433 миллиард долларды құрады.

Орталық банктің дерегінше, соңғы айда алтын-валюта қоры 320,2 миллион долларға өскен. 

Банктің мәліметі бойынша, Өзбекстан Республикасының таза халықаралық резервтері 2021 жылдың басымен салыстырғанда 20,5 млн доллар немесе 0,1 пайызға өсті. Бұл ретте алтынның жыл басындағы 1891,10 доллардан 1814,30 долларға немесе 4,1%-ға төмендеуі халықаралық резервтердегі алтынның құнын 0,9 млрд долларға азайуына себеп болған.

2021 жыл басында Өзбекстанның алтын-валюта қоры 1 қаңтар бойынша 34,9 млрд доллар, ал, ақпанда 34,3 миллиард долларды құрауған болса, 1 маусымдағы жағдай бойынша Өзбекстанның алтын-валюта қоры алғаш рет 35 миллиард 518,2 миллион долларды құраған еді.