Өзбекстандағы анықталған алтын қоры 6,4 мың тоннаны құрауда.
Экономикалық зерттеулер және реформалар орталығының мәліметінше, Өзбекстан түсті металдың мол қорына ие.
Алтынның анықталған қоры – 6,4 мың тонна, күміс – 24,6 мың тонна, мыс – 21,3 миллион тонна.
Кейінгі 6 жылда өңдеу өнеркәсібіндегі металлургия өнеркәсібінің физикалық көлемінің үлесі 11%-дан 24%-ға дейін өсті. 2022 жылдың 11 айында өндірілген өнім көлемі 97,8 триллион сумды құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 10 есеге көп.
Сарапшылардың есептеуінше, мысқа деген сұраныс 2030 жылға қарай 45 пайызға артып, жылына 38 мың тоннаға жетеді. Бұл электромобильдерге сұраныстың артуына және «жасыл» желінің инфрақұрылымын дамытуға байланысты болмақ.
Тұтастай алғанда, республикада мыс пен мырышты терең өңдеу есебінен қосылған құны жоғары өнім өндіру көлемі ұлғаяды.