Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның 3 облысында ірі фотоэлектр станциялары салынады
14:04 / 2023-04-18

Өзбекстанда Біріккен Араб Әмірліктерінің «Масдар» компаниясы тарапынан 396 миллион АҚШ доллары инвестициясымен ірі фотоэлектр станцияларын салады.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, бұл станциялар Сұрхандария (Шерабад), Самарқанд (Каттақорған) және Жызақ (Ғаллаарал) облыстарында салынады.

«Жаңа жобалардың жалпы қуаты 897 МВт құрайды және жылына 2 млрд кВт/сағ электр энергиясын өндіретін болады. Нәтижесінде жылына 620 миллион текше метр табиғи газ үнемделіп, 600 мыңнан астам үй «жасыл энергиямен» қамтамасыз етіледі», делінген хабарламада.

Самарқанд және Жызақ облыстарындағы жобалардың бастапқы қуаттары осы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі.