Өзбекстанның 3 облысында күн фотоэлектр станциялары салынады
Президенттің тиісті шешіміне сәйкес өңірлерде күн фотоэлектр станцияларын құру бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асырылатын болады.
Олар:
- Ташкент облысының Жоғарғы Шыршық ауданында қуаттылығы 400 МВт;
- Бұхара облысының Қараулбазар ауданында қуаттылығы 500 МВт;
- Қашқадария облысының Нишан ауданында қуаттылығы 500 МВт болды.
- Сондай-ақ, Жоғарғы Шыршық ауданында қуаты 334 МВт электр энергиясын сақтау жүйесі салынады.
Осы инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде:
- инвестициялық келісімдер бекітіледі;
- электр энергиясын сатып алу келісімдері мақұлданады.
Тиісті жобалық компаниялардың жер учаскелері үшін төлейтін жалдау ақысының мөлшері жер салығының сомасына теңестіріледі.