Өзбекстанның 2019 жылдағы сыртқы сауда айналымы
Қазіргі күнде Өзбекстан дүниежүзінің 190-ға жуық мемелекеттерімен сауда байланыстарын орнатқан
Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі Өзбекстанның 2019 жылдағы сыртқы сауда айналымының жылдық қорытындысын жариялады.
Қазіргі күнде Өзбекстан дүниежүзінің 190-ға жуық мемелекеттерімен сауда байланыстарын орнатқан болып, 2019 жыл қорытындысы бойынша сыртқы сауда айналымы 42,2 млдр долларды құраған. Бұл статистика 2018 жылдық көрсеткішке байланысты 26,2 пайызға жоғарылаған яғни 8,3 млрд долларға өскен.
Өзбекстанның отандық тауарлары мен қызметтердің шет елдерге экспорты 2018 жылмен салыстырғанда 3,9 млрд долларға немесе 15% -ға өсіп 17,9 млрд долларға жеткен. Экспорттың негізгі үлесі қымбат бағалы металлдардан жасалған өнімдерден келген.
ТМД елдерімен 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы сауда айналымы 12,2 млрд доллар болып, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызғаға артқан.
Қазірде Өзбекстанның ең жақын сыртқы саудадағы серіктесі Қытай (7,6 миллиард доллар немесе 18,1 пайыз), кейінгі орында Ресей болса(6,6 миллиард доллар немесе 15,7 пайыз), үшінші кезекте Қазақстан үлесіне тура келген (3,3 миллиард доллар немесе 8 пайыз).