Өзбекстанның 19 клубы АФК лицензиясына ие болды
Азия футбол конфедерациясының кезекті лицензиялау маусымының қорытындысы бойынша Өзбекстанның 19 клубы АФК лицензиясын алып, құрлықтағы үздік көрсеткішке қол жеткізді.
ӨзбекстанСуперлигасы мен Про-Лигасына қатысатын клубтар АФК лицензиялық ережелерінің талаптары негізінде спорт, инфрақұрылым, кадр, құқық және қаржылық өлшемдер бойынша құжаттарын тапсырды.
Жаңадан ұйымдастырылып жатқан құрлықтық клубтық жарыстар алдында Өзбекстанның 19 клубы құрлықтық футбол қауымдастығының элиталық турнирінің талаптарын қиналмай орындауы – елдегі спорттың басқа түрлері сияқты футболға да үлкен көңіл бөлінуінің жемісі.