Өзбекстаннан жеміс-жидек пен көкөніс қай елдерге көбірек экспортталғаны белгілі болды
2021 жылдың 9 айында Өзбекстаннан жеміс-жидек пен көкөністің ең көп бөлігі көрші Қазақстан еліне экспортталған.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 2021 жылдың 9 айында Өзбекстаннан жеміс-көкөніс өнімдерінің– 483 мың тоннасы Қазақстан еліне экспортталған.
Жеміс-жидек пен көкөністің ең көп сатылатын мемлекеттер қатарында Ресей (289 мың тонна), Қырғызстан (100 мың тонна) және Қытай (40 мың тонна) елдері бар.
9 айлық қорытындыға сай жасалған экспорт тізіміне сондай-ақ Украина (26 мың тонна), Ауғанстан (23 мың тонна), Түркіменстан (21 мың тонна), Пәкістан (19 мың тонна), Беларусь (11 мың тонна), Түркия (9 мың тонна), Әзірбайжан ( 6 мың тонна), Иран (6000 тонна) және Германия (3400 тонна) сынды елдер орын алған.