Қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты 2023 жылдың 13 қаңтарында Өзбекстан көрші елдерге қатынаушы халықаралық автобус қатынасы уақытша тоқтатылған еді.
Көлік министрлігінің ақпарат қызметінің хабарлауынша, 2023 жылдың 19 қаңтарынан бастап Өзбекстаннан халықаралық бағыттар бойынша тұрақты автобус қатынауы қалпына келтірілді.
«Ауа райы жағдайына және көлік қозғалысы бағыты бойынша магистральдардағы қазіргі жағдайға байланысты бүгін – 19 қаңтарда Өзбекстаннан халықаралық бағыттар бойынша тұрақты автобус қатынауы қалпына келтірілді», делінген хабарламада.
19 қаңтар күні «Ташкент» автовокзалынан халықаралық бағыттар бойынша қатынайтын автобустардың тізімі:
- 12:00 Ташкент-Мәскеу билет құны 1011000 сум;
- 16:00 Ташкент-Алматы билет құны 200 000 сум;
- 16:00 Ташкент-Астана билет құны 361 000 сум;
- 17:00 Ташкент-Түркістан билет құны 111 000 сум;
- 18:00 Ташкент-Қызылорда билет құны 161 000 сум;
- 18:00 Ташкент-Алматы билет құны 200 000 сум;
- 18:00 Ташкент-Бішкек билет құны 261 000 сум.