Өзбекстаннан Түркияға 45 тонна дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар жеткізілді
Өзбекстаннан Түркияға 45 тонна дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдар жеткізілді.
Түрік БАҚ-тың хабарлауынша, Өзбекстан Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарға осы уақытқа дейін 170 тонна гуманитарлық жүк жөнелткен.
Гуманитарлық көмекте 45 тонна дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдар, 8 тонна азық-түлік, 90 тонна киім-кешек, аяқ киім, төсек-орын, гигиеналық құралдар, 130 генератор, сондай-ақ 700 электр жылытқышы және басқа да қажетті заттар, 6 жүк таситын ұшақпен және 7 жүк көлігімен Түркияның түрлі өңіріне жеткізілген.
Ыстамбұлдағы Өзбекстан Мәдениет, зерттеу және ынтымақ бірлестігінің еріктілері мен Өзбекстаннан барған 100 адамдық іздеу-құтқару тобы апат аймағында жұмыс істеуде. 71 дәрігер жарақат алғандарды далалық ауруханаларда емдеп жатыр.