Израильдің Көлік және қозғалыс қауіпсіздігі министрлігінің шақыруымен «Uzbekistan Airports» акционерлік қоғамының мамандары Давид Бен Гурион атындағы халықаралық әуежайдың қызметімен танысты.
Компания дерегінше, Өзбекстандық мамандар әуежайдың қоғамдық тәртіпті қорғау, көші-қон қызметі, қауіпсіздік қызметтерін қамтамасыз ететін бірқатар басқармаларында болып, Израиль тарапы әуежай жұмысында қолданылатын тәжірибе мен соңғы технологиялардың тұсаукесерін өткізген.
Дэвид Бен Гурион халықаралық әуежайы елдің бірінші премьер-министрінің есімімен аталған және Израильдің ең үлкен көлік торабы болып табылады. 2022 жылы ол 20 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетті. Сарапшылардың айтуынша, 2023 жылы әуежайды 25 миллион жолаушы пайдаланады, бұл пандемияға дейінгі 2019 жылғы рекордты жаңартады.
Әуежай бірқатар израильдік авиакомпаниялар үшін базалық әуе платформасы болып табылады, атап айтқанда, Arkia, EI AI, Israir Airlines, Sun d'Or. Бұл әуежайдан әлемнің 54 еліндегі 137 бағытқа тоқтаусыз жолаушылар рейсі орындалады.