Өзбекстаннан Чехияға тұрақты рейстер жолға қойылады
Qanot Sharq әуе компаниясы Ташкент-Прага бағыты бойынша рейстерді орындайды.
18 сәуірден бастап Qanot Sharq әуе компаниясы Чехия астанасы Прага қаласына тұрақты рейстерді бастайды.
Ұшулар аптасына бір рет – бейсенбі күндері орындалады. Бір жаққа қарай ұшу билет құны 4,4 миллион сумнан басталады.
«Ташкент-Прага» бағыты бойынша рейстердің ең кейінгісі 2014 жылы «Чехия» авиакомпаниясы жүзеге асырды, бірақ кейін рентабельділіктің болмауына байланысты тоқтатылған еді.