Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстаннан 1 миллион АҚШ долларын заңсыз алып шықпақ болған азамат ұсталды
17:02 / 2022-06-26

Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Шекара әскерлері елден 1 миллион АҚШ долларын заңсыз алып шықпақ болған азаматты ұстады.

МҚҚ мәліметінше, 2022 жыл 22 маусымда Әндіжан облысының Пахтаабад ауданындағы өзбек-қырғыз шекарасында қызмет ететін МҚҚ шекара әскерлері ірі көлемдегі шетел валютасын елден заңсыз әкетудің жолын кесті.

Атап айтқанда, Пахтаабад ауданының тұрғыны А.Д. екі полиэтилен пакетке салынған 1 миллион долларды Қырғызстанға алып өтпек болған кезде қолға түскен.

Қазіргі кезде азамат үстінен Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.