Өзбекстанға жыл басынан бері Қазақстаннан 1,5 млн тонна бидай әкелінген
Өзбекстан азық-түлік өнімдерінің мәлім бір бөлігін көрші Қазақстаннан импорттауда.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстаннан импортталған азық-түлік өнімдерінің арасында ең көп бидай дақылы импортталған – 1,5 млн тонна.
Сондай-ақ 218,3 мың тонна бидай ұны мен 47,3 мың тонна арпа әкелінген.
Басқа өнімдер сегментінде импортталған тауарлар мөлшері мынадай:
- өсімдік майы – 45,9 мың тонна;
- жүгері – 33,6 мың тонна;
- маргарин өнімдері – 25,8 мың тонна;
- картоп – 23,5 мың тонна;
- сиыр еті – 9,1 мың тонна;
- сүт өнімдері – 3 мың тонна;
- кондитерлік өнімдер – 1,6 мың тонна.