Өзбекстанға жыл басынан бері 7,3 миллионнан астам турист келген
Кейінгі жылдары Өзбекстан түрлі салаларда, соның ішінде туризм бағытында да әлемдік аренада өз орнын айқындап, беделін нығайтуда. Елдің қайталанбас бай тарихи мұрасы, өзіндік мәдени құндылықтары мен әлемге танымал қалалары шетелдік саяхатшылар үшін ерекше тартымды мекенге айналып отыр.
Туризм комитеті хабарлауынша, 2024 жылдың қаңтар–қараша айларында республикаға туристік мақсатта 7,3 миллионнан астам шетел азаматтары келген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,15 миллион адамға немесе 18,8 пайызға өскен.
Биылғы туристер ағынының негізгі бөлігін Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары құрады. Бұл елдердің әрқайсысынан өзбекстанға туристік мақсатта 2,1 миллион адам келген. Келесі орындарда Қазақстан мен Ресей тұр — тиісінше 1,4 миллион және 741,2 мың адам.
Сонымен қатар, ТОП-10 елдер қатарына Түркіменстан (171,2 мың), Түркия (108 мың), Қытай (66,6 мың), Үндістан (63,4 мың), Оңтүстік Корея (39,1 мың), Ауғанстан (38 мың) және басқа елдер (428,8 мың) бар.