Өзбекстанға жыл басынан бері 2 миллионға жуық ұялы телефон әкелінген
2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында Өзбекстанға әлемнің 13 елінен 1,9 миллион ұялы телефон әкелінді.
Мемлекеттік статистика комитетінің хабарлауынша, соңғы 8 ай ішінде әкелінген ұялы телефондар құны 123 миллион долларды құраған.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда телефон импорты 300 мыңға артты. Тамыз айында 400 мыңнан астам телефон әкелінген.
Осы уақыт аралығында Өзбекстанға ең көп ұялы телефон импорттаған елдер арасында Қытай көш бастап тұр – 1,4 миллион дана телефон.
- БАӘ – 239 мың
- Вьетнам – 148 мың
- Үндістан - 127 мың
- Қазақстан - 25 мың
- Корея - 2,1 мың