Өзбекстанға ұялы телефон импорты күрт өсті
2022 жыл 5 айда Өзбекстанға шетелден 80 миллион долларлық ұялы телефон әкелінген.
Мемлекеттік статистика комитетінің хабарлауынша, 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында Өзбекстан құны 80 миллион доллар болатын 1,1 миллион ұялы телефон импорттаған.
Телефон импорты 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 216 311 бірлікке өскен және байланыс құралынң басым бөлігі Қытай елінен импортталуда.
Өзбекстан 10 елден ұялы телефон импорттады. 5 ай ішінде ұялы телефондардың ең көп бөлігі мына елдерден әкелінген:
- Қытай – 846 504;
- Вьетнам – 128 407;
- Үндістан – 73 371;
- БАА – 47 112;
- Қазақстан – 4030;
- Корея – 1586.