Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанға тағыда 70 мың доза Спутник V вакцинасы жеткізілді
17:10 / 2021-06-01

1 маусымға қараған түні Өзбекстанға Ресейден Спутник V вакцинасының бірінші компонентінің тағы 70 мың дозасы жеткізілді, деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.

Осылайша, Өзбекстандағы вакциналар қоры 4 миллион 330 мың дозаға жетті. Бүгінгі күнге дейін вакцинация аясында 2 миллионнан астам доза қолданылған.

Ресейдің Н.Гамалей атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған Спутник V вакцинасы бұған дейін Ташкентке сәуір айында 100 мың доза жеткізілген болатын (50 мың 1 компонент, 50 мың 2 компонент).

Ал, AstraZeneca вакцинасынан 660 мың доза, ZF-UZ-VAC2001 вакцинасынан жалпы 3,5 миллион дозасы (27 наурыз, 27 сәуір, 18 мамырда 1 млн дозадан және 19 мамырда 500 мың доза) жеткізілді.