17 мамырда Ташкентке Өзбекстан мен Қытай ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасының кезекті 1 миллион дозасы жеткізілді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Өзбекстанның вакцина қоры 3,76 миллион дозаға жетті. Осы уақытқа дейін қолданылған 1 346 000 дозаның 62 пайызы немесе 842 мың дозадан астамы ZF-UZ-VAC2001 вакцинасын құрауда. Бүгінге шейін 91 мыңнан астамы азамат Өзбекстан-Қытай вакцинасының екінші дозасын алды.
ZF-UZ-VAC2001 вакцинасының алғашқы 1 млн партиясы Өзбекстанға 27 наурызда әкелінді. 27 сәуірде тағы 1 миллион доза жеткізілді. Бұдан бөлек наурыз айында COVAC бағдарламасы аясында 660 мың доза AstraZeneca және сәуірде 100 мың доза Спутник V вакциналары жеткізілді.
Еске сала кетейік ZF-UZ-VAC 2001 вакцинасы азаматтарға үш рет егілгенде олар толық вакцинацияланған болып саналады.
Сондай-ақ, өзбек-Қытай ғалымдары бірлесіп жасаған атаулы вакцина коронавирустың «британдық» және «бразилиялық» штаммдарына қарсы тиімді екендігі дәлелденген болса коронавирустың «Оңтүстік Африка» штамына қарсы белсенді бейтарап күйін сақтаған.
Өзбекстанда халықты жаппай вакцинациялау науқаны 2021 жылдың 1 сәуірінде басталды. Жоспар бойынша 3 айда 4 млн тұрғынды вакциналау көзделген.